27 тамыз 2020 16:02

Алматыда дәрі-дәрмек сатып алуға 10 миллиард теңге бөлінді

© pixabay.com

Алматыда дәріханалар мен емханаларда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын дайындау үшін 10 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық әкімдіктің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескере отырып,  сондай-ақ күзгі-қысқы ауруларды ескере отырып, біз тұрақтандыру қорын құрдық, оған 10 миллиард теңге бөлінді.

Бес миллиард теңге нарықты тұрақтандыруға және Алматы қаласының дәріханаларына бөлінеді. Тағы бес миллиард теңге - бұл стационарлар мен емханалар үшін дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізу үшін құрылған резервтік қор. Дәріханаларға арналған дәрілердің жалпы көлемі - кемінде 40 миллион қаптама, 26,8 миллион қазірдің өзінде жеткізілген", - деді Сәлімбаев.

Реклама
Реклама

Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова қазір қалада дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram