Алматыда дәрі тапшылығы туралы хабарлама тарап жатыр

WhatsApp мессенджерінде "Алматыдағы дәріхана сөрелерінен адамдар емделмей, вакцина салдыруы үшін қасақана препараттарды алып тастап жатыр" деген ақпарат тарады. Қалалық әкімдік бұл хабарлама фейк екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp мессенджерінде "Алматыдағы дәріхана сөрелерінен адамдар емделмей, вакцина салдыруы үшін қасақана препараттарды алып тастап жатыр" деген ақпарат тарады. Қалалық әкімдік бұл хабарлама фейк екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің дүкен дәріхананың ішінде. Ол жерге антибиотик, ауырсынуды басатын дәрілерді алып тастау туралы жоғарыдан бұйрық келген. Балаларға дәріні көптеп алып қой, анама да айттым. Бәрін қорапқа жинап, салып жатыр, сатпайды. Оны коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін әдейі істеп жатыр", - делінген аудиода.

Реклама
Реклама

Екінші хабарламада тағы бір әйел Алматыдағы дәріхана қызметкерлері "сөрелер бос тұрғанын", ал дәрілер қайда екенін сұраған кезде "жоғарыдан бұйрық түсті деп жауап бергенін" айтқан. Хабарламада "бұл адамдар емделмей, коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы үшін жасалып жатқаны" туралы айтылған.   

Алматы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев Желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді. 

"Бұл хабарлама фейк, ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная