Алматыда дауға қалған аурухана республика меншігінен шығарылды

Алматыда дауға қалған аурухана республика меншігінен шығарылды Фото: Medpro.kz

Алматы теміржол ауруханасы республика меншігінен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет қаулысында айтылады.

Алматы теміржол ауруханасы республика меншігінен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет қаулысында айтылады.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Алматы әкімдігімен бірге шаралар қабылдау тапсырылды.

"Алматы темір жол ауруханасы" ЖШС-нің 100 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен республика меншігінен Алматының коммуналдық меншігіне берілсін", - делінген үкімет қаулысында.

Жарнама
Жарнама

Қаулы қазірдің өзінде күшіне енді.

2020 жылы Алматы теміржол ауруханасындағы дәретхананың мүшкіл жағдайы қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Адвокат Жангелді Сүлейманов әлеуметтік желіде ауруханада түсірген фотосуретті жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама