ПОДЕЛИТЬСЯ
01 шілде 2021 | 12:38
Алматыда "дельта" штамын жұқтыру дерегі күрт өсті
Алматыда "дельта" штамын жұқтыру деңгейі өскені байқалады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда "дельта" штамын жұқтыру деңгейі өскені байқалады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қалада соңғы 10-14 күнде инфекция деңгейінің "тік" өсуі байқалады. Егер бастапқыда "дельта" штамын жұқтырғандар жалпы көрсеткіштің 23 пайызы болса, бүгінде ол 78 пайызға артты. Бастапқыда күніне 144 адам вирус жұқтырса, бүгінде ол 305 жағдайға жетті.
Инфекция жұқтырғандардың басым көпшілігінде симптом бар, тек 23 адамда симптомсыз", - деді Ержан Бабақұмаров.
Сондай-ақ, ол қала тұрғындарын вакцинацияға белсенді қатысуға шақырды.
"Әйтпесе, Алматыдағы инфекция жұқтыру деңгейі шиеленісіп кетеді", - деп қосты әкім орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также