Алматыда демалыс күндері автобустар мен метро жүре ме?

Фото: Әлихан Сариев

Алматының мобильділік басқармасы демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының мобильділік басқармасы демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының мобильділік басқармасы өкілі қала тұрғындарының қоғамдық көлік жұмысына қатысты қойып жатқан сұрағына қаладағы автобустар, троллейбустар, метро штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

Айта кетейік, 14 шілдеде премьер-министр Ақсар Мамин Қазақстанның төрт өңірінде карантинді күшейтуді тапсырды. Демалыс күндері Ashyq-қа қатысатынына қарамастан, қоғамдық көліктің, сауда үйлері мен ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің, діни нысандар мен басқа да қызмет орындарының жұмысына тыйым салынатыны айтылған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда 17 шілдеде сағат 00:00-ден бастап сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмысына тыйым салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама