30 шілде 2020 | 09:57

Алматыда демалыс күндері автобустар мен метроның жұмысы тоқталады

© Tengrinews.kz

Алматыда үш күнге - 31 шілдеден 2 тамызға дейін қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда үш күнге - 31 шілдеден 2 тамызға дейін қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Алматының Көлік холдингінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарланған. 

Реклама
Реклама

"Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес мереке және демалыс күндері (31 шілде, 1-2 тамыз) Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сондай-ақ метрополитеннің жұмысы тоқтатылатындығын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада. 

Қоғамдық көліктер дүйсенбі, 3 тамыз таңғы сағат 06:00-ден бастап жұмыс істейді. 

Еске салайық, Алматыда, 30 шілдедегі жағдай бойынша, COVID-19 жұқтырған 11 652 адам анықталған. Оның ішінде, аурудан айыққан - 7001 адам, қайтыс болғандар - 111.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная