29 мамыр 2020 14:28

Алматыда демалыс күндері көшелер жабылады - Сағынтаев

Сурет: Алихан Сариев

Алматыда жаяу жүргіншілер серуендеуі үшін автокөліктер қозғалатын кейбір көшелер жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаяу жүргіншілер серуендеуі үшін автокөліктер қозғалатын кейбір көшелер жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында растады.

Реклама
Реклама

"@Askar_Baitassov жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар", - деп жазды қала әкімі.

@Askar_Baitassov жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар ))

— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) May 29, 2020

Айта кетейік, қала өміріндегі өзгерістер туралы ақпарат бүгін Twitter-де жарияланған болатын. Бұл туралы кәсіпкер Асқар Байтасов жазған. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер ақпаратты алдымен жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram