Алматыда Денис Тенді еске алу көрмесі өтеді

Алматыда Денис Тенді еске алу көрмесі өтеді © REUTERS

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған көрме өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

D10 WORLD сурет көрмесін ұйымдастыруға қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының достары мен жақындары қолға алған. Көрме 26 тамыз - 2 қыркүйек араылығында Esentai Gallery залында өтеді. 

Көрмеде Денис Тен түсірген суреттер, сондай-ақ өзі қатысқан спорттық шаралар барысында түсірілген суреттер және әріптестері мен достарының атынан видеожоба ұсынылады. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ашылу салтанаты 26 тамызда 18:00-де басталады. Кіру тегін. 

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама