ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қазан 2018 | 19:35
Алматыда Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Бүгін қаланың денсаулық сақтау қоғамдастығымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Қанат Төсекбаевты таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін қаланың денсаулық сақтау қоғамдастығымен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Қанат Төсекбаевты таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соңғы жылдары Алматыда қала тұрғындарының денсаулығына қатысты негізгі индикаторлар бойынша оң нәтижелерге қолжетті, денсаулық сақтау ұйымдарын жаңа заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету 80 пайызға жетті. Тұрғындардың 94 пайызы электронды паспортпен қамтылды. Жыл аяғына дейін қаланың барлық емханалары қағазсыз форматқа көшеді .Жүргізілген медициналық реформалар нәтижесінде сырқаттарға қызмет көрсету уақыты 20 пайызға, кезек күту 30 пайызға қысқарды.
"Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына үнемі айрықша назар аударады, бұл мәселе Елбасының халыққа Жолдауында да көрініс тапқан. Президенттің тапсырмасы бойынша сырқатты емдеудің жаңа әдістерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы 1 қаңтардан бастап біртіндеп 20 пайызға өседі. Тек Алматының өзінде ғана бұл шара жалақысы 199 416 теңгеге жететін учаскелік қызметтің 1028 дәрігерін, еңбекақысы 130766 теңгеге дейін өсетін 2400 медбикені қамтиды", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Дегенмен, атқарылған жұмыстарға қарамастан тұрғындардың қаланың медициналық ұйымдары көрсететін қызметтерге көңілдері толмайды. Осыны ескере отырып, Алматы әкімі Денсаулық сақтау басқармасы жаңа басшысының алдына принципті әрі жүйелі жұмысты қажет ететін бірінші кезектегі міндеттерді қойды.
Яғни, медицина ұйымдарының барлық қызметі ашық болуы және сыбайлас жемқорлыққа жол берген басшыларға қатаң шаралар қолданылуы қажет. Қаланың медицина ұйымдары азамттардың барлық өтініштеріне мониторинг жүргізулері, оларға дер кезінде мән берулері әрі өздерінің қаржылық есептерін жария етулері тиіс.
Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысына қаланың медицина мекемелері жанындағы қадағалау кеңесінің құрамына ҮЕҰ, БАҚ өкілдерін және блогерлерді енгізе отырып, оны қайта қарау тапсырылды. Өз кезегінде ұйымдардың ішкі аудит қызметі тек қадағалау кеңесіне ғана тікелей есеп берулері тиіс.
Бұлдардан өзге дәрілерді сатып алуды электронды форматқа көшіріп, медициналық техниканы сатып алған кезде оның нақтылы бағасына жасалған сараптаманы жіті бақылаған жөн.
Орталықтандыру қағидасы бойынша медициналық қызметті қолжетімді ету үшін мегаполистің әр ауданында ұйымдық- құқықтық формасы өзгерген көппрофильді стационарлар құрылатын болады.
Осыған орай, Денсаулық сақтау басқармасына медициналық ұйымдардың басшыларын конкурстық негізде тағайындаудың нақтылы механизмін әзірлеу тапсырылды, мұнда түпкі нәтижеге ерекше назар аударылуы тиіс. Қала басшысы талапқа сай әлеуметтік лифт құруды және басшыларды меритократия принципі бойынша таңдауды ұсынды.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы өзінің еңбек жолын медициналық жедел жәрдемде фельдшер болып бастаған. Әр жылдары Алматыдағы балалардың жұқпалы аурулар ауруханасының және Астана қаласындағы медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері қызметтерін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Қазақ мемлекеттік медицина университетінің және Ганновер жоғары медицина мектебінің түлегі.
Показать комментарии
Читайте также