Алматыда діни экстремистік әдебиеттерді таратқан шетелдік ұсталды

видео кадры

Алматыда діни экстремистік әдебиеттерді таратты деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда діни экстремистік әдебиеттерді таратты деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы қалалық ҰҚКД мен полицияның арнайы жасақтарының көмегімен шетелдік азаматты ұстады. Оның діни жоралғыларды, оның ішінде оккультизммен айналысқаны, сондай-ақ Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйымның идеологиясының белгілері бар діни материалдарды таратқаны белгілі болды.

Рұқсат етілген тінту кезінде тергеуге қатысы бар заттар мен материалдар тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

"Азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан деструктивті діни идеологияны таратуға бағытталған кез келген іс-әрекеттерге тосқауыл қойылады. Ұлттық қауіпсіздік пен конфессияаралық татулық – біздің жұмысымыздың басым бағыты", - деді Алматы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама