Алматыда дрифт жасаған Mercedes жүргізушісі жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда дрифт жасаған Mercedes жүргізушісі жазаланды видео кадры

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде видео тарады. Онда жүргізуші жол ережесін бұзып қауіпті маневрлер жасағаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Алматы ПД мәліметінше, жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылған.

"Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін авариялық жағдай туындату және жол қозғалысы ережелерінің өзге де талаптарын бұзу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды", - деді Серік Шумаев.

Полиция қызметкерлері агрессивті әрі демонстративті көлік жүргізу азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін еске салып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама