11 қаңтар 2022 | 11:11

Алматыда дүкен, аурухана желілерінің жұмысы және автобус қозғалысы қалпына келтіріле бастады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: ©️Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда дүкен, аурухана желілерінің жұмысы және автобус қозғалысы қалпына келтіріліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда дүкен, аурухана желілерінің жұмысы және автобус қозғалысы қалпына келтіріліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Тәртіпсіздік кезінде азық-түлік өндіретін кәсіпорындар зардап шекпеген. Бүгінде 3 наубайхана ("Ақсайнан", "Алматынан" және "Рузинан") күніне 80 тоннаға жуық нан шығарады. Бұл ретте өнім бағасы бұрынғыдай қалды ("Ақсайнан" – 80 теңге/бөлке, "Алматынан" – 85 теңге/бөлке).

"9 қаңтардан бастап бакалея өнімдерінің ірі жеткізушісі "Ас-Ан "фирмасы" ЖШС (күнбағыс майы, қант, тұз, рожки, күріш, арпа, ұн) өнімді сауда желілеріне жеткізуді жаңартты. 10 қаңтардан бастап Бостандық (33 дүкен) және Түрксіб (16 дүкен) аудандарының "Үй жанында" 49 дүкеніне жеткізе бастады. Сүт өнімдерін өндірушілер ("Солнечный" ЖШС, "АдалСүт" ЖШС және "JLC" ЖШС, "Фуд Мастер" ЖШС, "RG Brands") штаттық режимде жұмыс істейді. "Алсад Қазақстан" ЖШС мен "Алатау Құс" ЖШС қоймаларда жұмыртқа қорының жеткілікті көлеміне ие. Бүгінде барлық сауда желісі мен ірі дүкендер қамтамасыз етіліп отыр.  Бүгін ӘКК-нің 20 павильоны жұмыс істей бастады, бұған дейін 2 павильон зардап шеккен еді. (Жетісу-2, Төле би-Момышұлы көшесі)", - деді штабтың баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

9 қаңтарда "Магнум" желісіне келісімшарт жасалған көкөністер көлемін жеткізу жұмысы реттелді.

"Қазір азық-түлік тауарларын мына кәсіпорындар өткізеді: "Ас-Ан” фирмасы" ЖШС, "ЕФК" АҚ (бакалея өнімдері), барлық санаттағы жұмыртқа ("Алсад Қазақстан" ЖШС және "АлатауҚұс" ЖШС), нан-тоқаш өнімдері ("Ақсай” ТНК" ЖШС, "Алматынан" ЖШС және "Рузинан" ЖШС), сүт өнімдері ("АдалСүт" ЖШС, "JLC" ЖШС, "ФудМастер" ЖШС, "МаслоДел" ЖШС, "Молочный продукция” ЖШС, “Солнечный” зауыты), консерві өнімдері ("Прима Дистрибьюшн" ЖШС), ет өнімдерін қайта өңдеушілер ("Беккер и К" ЖШС, "МПЗ Бижан" ЖШС), жылыжай көкөністері ("BRBAPK" ЖШС)", - деп мәлімдеді штабтың баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, Алматы қаласында 970 дәріхана бар, оның 407-сі желіге жататыны айтылды. Бүгін 10.00-ден 17.00-ге дейін 277 дәріхана жұмыс істейді, оның ішінде 138 желілік және 139 жеке дәріхана. Алдын ала ақпарат бойынша 15 дәріхана зардап шеккені белгілі болды.

"Қаланың дәріханаларына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарларды жеткізуді "Медсервис", "INKAR", "Аманат" 3 ірі фармкомпаниясы жүзеге асырады. 10 қаңтардағы жағдай бойынша "Медсервис" компаниясы 40 293 көлемінде ДЗ-ның 1070 түрін жөнелткен, "Аманат" компаниясы 203 700 көлемінде ДЗ-ның 2040 түрін тиеп жөнелткен. Басқа ірі жеткізушілер 11 қаңтардан бастап қала дәріханаларының тапсырыстары бойынша ДЗ және ММБ жеткізе бастайды", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық көліктердің жұмысы туралы ақпарат жарияланды. 11 қаңтардағы жағдай бойынша 7.45-тен 20.00-ге дейін мына бағыттарда жүреді: 34, 118, 38, 38а, 205, 206, 16, 11, 128, 141, 65, 56, 63, 63а, 77, 79, 92, 2, 12, 55, 32, 5, 5а, 86, 59, 44, 119, 4, 95, 8, 98, 18, 19, 99, 7, 57, 112, 126, 60, 22, 62. Қоғамдық көлік қозғалысы 20-30 минут аралығында жүзеге асырылады.

Бағыттардың жүру сызбасы:
34: бағыт бойынша
118: Саин - Райымбек бағыты бойынша
38/38а: бағыт бойынша
205: Құлжа тас жолы - Рысқұлов бағыты бойынша
206: бағыт бойынша
16: бағыт бойынша, бұрылыс Ақкент ш/а эстокада
11: Қалқаман - Райымбек бағыты бойынша
128: бағыт бойынша, Қалқаман бұрылысы
141: Рысқұлов бойымен бұрылу бағыты бойынша - Солтүстік айналым
65: бағыт бойынша
56: Рысқұлов-Сейфуллин бағыты бойынша
63/63а: бағыт бойынша
77: Рысқұлов-Жансүгіров бағыты бойынша
79: бағыт бойынша, ВАЗ айналымында
92: бағыт бойынша, ВАЗ айналымында
2: бағыт бойынша
12: бағыт бойынша
55: бағыт бойынша, Сәбденовке бұрылу
32: Рысқұловқа бұрылу бағыты бойынша
5: маршрут бойынша
5А: маршрут бойынша
86: бағыт бойынша, ВАЗ айналымында
59: Құлжа тас жолы-Рысқұлов бағыты бойынша
44: маршрут бойынша
119: бағыт бойынша, Саинға бұрылу
4: бағыт бойынша, Момышұлына бұрылу
95: Райымбек-Момышұлы бағыты бойынша
8: Рысқұловқа бұрылу бағыты бойынша
98: бағыт бойынша
18: бағыт бойынша, Алматы-1 теміржол вокзалындағы бұрылыс
19: Саин-Рысқұловқа бұрылу бағыты бойынша
99: Саин-Рысқұловқа бұрылу бағыты бойынша
7: Момышұлы-Рысқұловқа бұрылу бағыты бойынша
57: Момышұлы-Рысқұловқа бұрылу бағыты бойынша
112: Момышұлы-Райымбек айрығындағы бағыт бойынша
126: Төле би-Момышұлы бағыты бойынша
60: бағыт бойынша
22: бағыт бойынша, карьердегі бұрылыс
62: бағыт бойынша

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная