ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 желтоқсан 2024 10:52
Алматыда дүкеннен өрт шығып, 4 бала құтқарылды
Алматыда өртсөндірушілер 4 баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Таңертең Наурызбай ауданында Сәкен Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелері өртенген.
ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып, құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты.
Кәсіби өртсөндірушілер өртті дер кезінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу