ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2019 | 15:05
Алматыда екі аудан бірнеше уақыт сусыз қалады
Алматы қаласы Бостандық және Наурызбай аудандарындағы бірнеше үйде суық су тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы Бостандық және Наурызбай аудандарындағы бірнеше үйде суық су тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК-ға сілтеме жасап.
7 қыркүйекте сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін Бостандық және Наурызбай аудандарының аумағында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де объектілерге суық су беру уақытша тоқтатылады.
"Хан Тенгри" ТК, "Әл-Фараби" ТК, Алматы Шипажайы, алдағы 1, 2, 3, 4, 5 үйлер; Байкенов көшесінің бойындағы 7 үй, сондай-ақ, Кенесары хан мен Байкенов көшелеріндегі Қарғалы ықшам ауданында, Қарғалы-1, Қарғалы-2-дегі жеке үйлерде, Алатау шағын ауданындағы "Оқжетпес Алматы" шипажайында су болмайды.
"Суық судың қысқа мерзімге тоқтауы - сумен жабдықтау нысандарында бекіту арматурасын ауыстыру қажеттігіне байланысты. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66", - делінген "Алматы су" МКК хабарламасында.
Показать комментарии
Читайте также