02 ақпан 2023 | 16:10

Алматыда екі автобус соқтығысты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Дәрігерлер Алматыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер Алматыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлер барлығы бес адамның жарақат алғанын айтты. Олардың үшеуі АККА-ға, қалған екеуі Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"3 адам бас жарақаты, желке аймағының жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозымен жеткізілді. Тексеруден кейін екі науқас амбулаторлық бақылауға жіберілді", - деп атап өтті мамандар.

Реклама
Реклама

Зардап шеккендердің бірі Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді. Аты-жөнін атамауды өтінген 19 жастағы жігіттің айтуынша, ол жол апаты кезінде №116 автобустың салонында болған.

"Автобустың іші жартылай бос болды. 10-15 жолаушы ғана отырдық. Біз аялдамаға жеткенде жүргізуші есікті ашқалы жатқан, есік алдында екі әйел түсуге дайындалып тұрған. Сол кезде бір автобус бізге соқтығысты. Түскелі тұрған екі әйел бірден қатты жарақат алғандарын айтып айғайлады. Олардың бірі аяғы мен белі, екіншісі басының ауырғанын айтып шағымданды. Біз көмектесіп, салоннан шығардық.

Бізге соқтығысқан автобуста да көп адам болған жоқ, шамамен 25-30 болды. Жолаушылардың бірінің маңдайы кесілген, қансырап жатыр. Жедел жәрдем келген соң, басым аздап ауырғандықтан мен де тексерілуді жөн көрдім. Бірақ бәрі ойдағыдай болды, сараптамадан кейін үйге жіберді", - деп бөлісті алматылық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная