19 мамыр 2023 | 10:18

Алматыда екі автобус соқтығысты: жүргізушінің заңгері техникалық сараптама талап етіп отыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Айыпталушы автобус жүргізушісінің заңгері медициналық сараптама қорытындысын ескеруді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Айыпталушы автобус жүргізушісінің заңгері медициналық сараптама қорытындысын ескеруді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда адам өлімімен аяқталған жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісінің соты жалғасып жатыр. Медициналық сараптама жазатайым оқиғадан қайтыс болған ер адамның өлімінің себебін жариялады.

"Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, адам өлімі автобус қозғалғаннан кейін болғаны белгілі болды. Біз марқұмның денесі мен киімін зерттегенде, денесінде, қолында қара дақтар таптық. Бұл машина майынан болуы мүмкін. Адам автобустың астында жатты. Ол жабық ми жарақатын алып, қабырғалары сынған", - дейді сарапшы Бақтияр Сахметов.

Реклама
Реклама

Маман марқұмның екі автобустың қайсысының дөңгелегі астында болғанын білмей отыр. Сотталушының заңгері өлімнің мән-жайын анықтау үшін қосымша техникалық сараптама жүргізуді талап етуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная