ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2019 | 09:34
Алматыда екі ай жалақы алмаған жұмысшылар наразылыққа шықты
Алматыдағы екі ай жалақы алмаған "Ұлжан-2" шағын ауданындағы құрылыс жұмысшылары наразылыққа шықты, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы екі ай жалақы алмаған "Ұлжан-2" шағын ауданындағы құрылыс жұмысшылары наразылыққа шықты, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Бұл аумақта техника бірнеше күннен бері қозғалыссыз тұр. Себебі құрылысшылар жұмысқа шығудан бас тартқан. Жыл соңына дейін 21 көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталуы керек еді. Әзірше жоспарланған жұмыс тек жартылай ғана біткен.
Жұмысшылар еңбекақыны алмағанша орындарынан қозғалмайтынын айтқан. Олардың басым бөлігі қалаға Оңтүстік өңірден келген. Барлығы - үйінің жалғыз асыраушысы.
"Осы жерге жұмысқа тамыздың 15-де келгенмін. Содан әлі айлық алған жоқпыз. Тамақ, жататын жер осы жерден. Бірақ әлі қолымызға айлық түскен жоқ", - деді мердігер компания жұмысшысы Қайрат Айнақұлов.
Ал, мердігер компания басшылығы орнында болмай шықты. Жұмысшылардың келсін деген өтінішін де елемеген. Жиналған жұрттың сұрақтарына компанияның жалғыз өкілі, құрылыс тобының бригадирі жауап қатты. Алайда оның сөзінше, жалақы тек 10 күн берілмей қалған. Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған көрінеді.
"Біз тек бір айдың жалақысын беруіміз керек. Аумақ басшысы жұмысшыларға аванс беру үшін кеңсеге кетті", - дейді "Дәулет-дорстрой" ЖШС құрылыс бригадасының басшысы Айбар Әубәкіров.
Құрылысшылардың сөзінше, жалақының берілмеуіне қаржылай қиындықтар себеп болған. Тапсырыс беруші қалалық мобильділік басқармасы қаржыны толық аудармаған дейді. Сол себепті еңбекақы кешіктіріп жүр екен. Ал басқарма белгіленген қаражат мердігер компанияға уақытылы аударылғанын алға тартқан.
Показать комментарии
Читайте также