01 желтоқсан 2022 | 12:43

Алматыда екі бағыттың автобусы жаңартылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда екі танымал бағытқа жаңа автобустар жүретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда екі танымал бағытқа жаңа автобустар жүретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін қала тұрғындары № 202 және № 205 бағыттағы автобустардың үстінен бірнеше рет шағымданған болатын. Қалалық ұтқырлық бөлімі бұл бағыттар бойынша желтоқсанның 2-інен бастап жаңа Foton маркалы автобустар шығарылатынын хабарлады.

Сыйымдылығы 85 адамнан асатын 12 метрлік жаңа автобустар газбен жүреді, кондиционермен жабдықталған. Бұған дейін бұл бағыттағы автобустың сыйымдылығы 70 адам болатын.

Реклама
Реклама

№ 202 маршрутта ЛиАЗ маркалы 15 автобус жүрді. Осыған байланысты 20 жаңа автобусты іске қосу туралы шешім қабылданды. Жаңартудан кейін автобустар арасындағы аралық 14-15 минутты құрайды. "Сайран" - Қаскелең автовокзалы бағыты бойынша жолаушылар ағыны айына 160 мыңнан 400 мың жолаушыға дейін ұлғайтылады деп күтіліп отыр.

№ 205 маршрутқа 18 автобус қызмет көрсетті. Енді "Жетісу" Орбита базар бағыты бойынша 25 жаңа автобус қызмет көрсетеді және қозғалыс аралығы 7-9 минут. Жылжымалы құрамның жаңартылуымен маршрут айына 500 мың жолаушыға қызмет көрсетеді деп күтіліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная