01 шілде 2017 | 16:14

Алматыда екі бірдей ауданның әкімдері ауысты

© Facebook/Timur Bazarbayev

Алматыда біқатар кадрлық тағайындау болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда біқатар кадрлық тағайындау болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссиясының ұсынысы және Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің келісімі бойынша Алматыда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды.

Реклама
Реклама

Алатау ауданының әкімі Бағдат Манзоров Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының басшысы, ал Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы болып тағайындалды.


Алатау ауданының әкімі Бағдат Манзоров.


Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов.

Алматы әкімі Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасы жаңа басшысының алдына принципті және жүйелі істі талап ететін бірқатар міндеттерді қойды.

Яғни, қалада салынып жатқан барлық нысандарға жүйелі бақылау жүргізілуі тиіс. Осы жылдар ішінде көптеген тұрғын кешендерінің, коммерциялық нысандардың бірқатары заңсыз салынған. Алматы әкімі құрылыс жүргізуге лицензия беру ісін реттеуді тапсырды. Өйткені,лицензия алған кейбір жауапкершілігі төмен құрылысшылар сапасыз нысан салады, соның салдарынан тұрғындардан көп шағым түседі.

Алматы әкімі Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы жаңа басшысы алдына да жаңа міндеттер қойды, басқарма жұмысын түбегейлі өзгертуді, сараптама жасауға басты назар аударуды, нақтылы мәселелерді жүйелі шешуді тапсырды.

Жалақы төлеудегі қарыз мәселесін нақтылы шешіп, жұмысты оңтайландыру қажет екенін атап өтті. Еңбекақы бойынша қарыз болып қалмаудың тиімді жолдарын іздестіру керектігін айтты. Зейнетақы төлу Орталығымен, салық жөніндегі мемлекеттік кіріс департаментімен бірігіп жұмыс істеу керектігін нақтылады. Қазіргі кезде Мемлекеттік еңбек инспекциясы тек шағым түскен кезде қимылдайды, мұндай немқұрайдылыққа жол берілмеуі тиіс екенін жеткізді.

Алматы әкімі жаңа басшынының назарын көлеңкелі экономика мәселелерін шешуге, соның ішінде көлеңкелі жұмыс күшінің заңсыздығына, құрылыста қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге аударды. Зейнетақы қорына қаржы аудармай, салық төлемей, конвертпен жалақы алатындарбар екені, кәсіпорындарда көптеген қайғылы жайттардың орын алатындығы жасырын емес. Міне, осы келеңсіз жайттардың барлығына тосқауыл қойылуы тиіс.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер Алатау ауданының 9 жыл ішінде жедел қарқынмен дамығанын айтып өтті. "Мұнда 4 жаңа емхана, 9 мектеп, 12 мемлекеттік бала бақша, Атлеттер ауылы, "Алматы арена" салынды. "Алғабас-6", "Нұркент", "Ақкент" ықшам аудандарында тұрғын кешендерінің құрылысы жалғасуда. 9 жыл ішінде ауданда өндіріс өнімі 12 ,3 есе, инвестиция 32 есе өсті. Салық түсімі 3 есе артып, 22,5 миллиард теңгені құрады. Ал Жетісу ауданында соңғы 4 жыл ішінде салық түсімі 21 пайызға артты, өндіріс өнімі 30 миллиард теңгеге (22 пайыз) жетті, негізі капитал инвестициясы екі есе өсті, 14 жеке бала бақшалар мен 11 миниорталықтар ашылды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная