ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2021 | 15:22
Алматыда екі жаңа метро бекетінің техникалық ашылуы өтті
Алматыда "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро бекетінің техникалық ашылуы өтті. Алғашқы жолаушылардың бірі қала әкімі Бақытжан Сағынтаев болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро бекетінің техникалық ашылуы өтті. Алғашқы жолаушылардың бірі қала әкімі Бақытжан Сағынтаев болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, мегаполис басшысы 30 желтоқсанда екі жаңа метро бекетінің дайындығын тексерген. Қазіргі уақытта олардың дайындығы 96 пайыздан асатыны айтылды.
Магистраль Абай даңғылы астында, батыс бағытта Алтынсарин даңғылынан Ясауи көшесіне дейін созылады. Екінші кешен тоннельдер мен екі станциядан тұрады: "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы". Желі учаскесінің ұзындығы үш шақырым.
"Сарыарқа" бекеті "Фэмили" саябағы аумағында орналасқан, екі кіреберісі бар, жүру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған екі лифті және сегіз эскалаторы бар терең пилон типті станция.
"Бауыржан Момышұлы" бекеті Абай даңғылы астында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Екі жерасты фойе мен алты кіреберістен тұрады. Алты лифт пен 15 эскалатор қарастырылған", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.
Бүгінде негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру кезеңі басталып кеткен. Сондай-ақ, аяқталу сатысында сәулет-әрлеу жұмыстары, инженерлік желілер, автоматтандыру жүйелері және операциялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также