11 желтоқсан 2022 15:34

Алматыда екі жолаушылар автобусының бағыты өзгерді

Алматыда №217 және №110 автобустардың бағыттарына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда №217 және №110 автобустардың бағыттарына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 желтоқсаннан бастап №217 бағыттағы автобустар қаладан Әли ауылына қарайғы жолда Есқара Беделбаев көшесіндегі №22 мектепке дейін жетіп, қайта бұрылады, содан соң "Әли ауылы" - соңғы аялдамасына дейін баратын болады.

№110 бағыттың да соңғы аялдама тұсындағы жүрісіне өзгеріс енгізілді. Енді "Автостанция" бекетіне кірместен бұрын оңтүстік бағытта автобустар Қарғалы көшесінен Трудовая көшесіне дейін қатынайтын болады. Бұл өзгеріс екі бағытты да қамтиды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram