Алматыда екі күн бойы жауатын қарға дайындық жүріп жатыр

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда екі күн бойы қар жауады деп күтіледі - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы әкімдігі арнайы ескерту жасады.

Алматыда екі күн бойы қар жауады деп күтіледі - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы әкімдігі арнайы ескерту жасады.

22 қаңтардан бастап екі күн бойы Алматыда қар жауып, кейде боран болуы мүмкін екені хабарланды. Сонымен қатар көктайғақ күтіледі, ауа температурасы төмендейді:

  • 22 қаңтарда түнде -7...-9 градус, күндіз 0...-2 градус;
  • 23 қаңтарда түнде -15...-17 градус, күндіз -5...-7 градус.
Реклама
Реклама

"Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қар жауа бастағанға дейін 204 құм шашатын техника дайын болады. Негізгі магистральдық көшелер алдын ала сұйық реагенттермен өңделеді. Тәулік бойы жұмыс істеу үшін 624 арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысы жұмылдырылады", - деп хабарлады Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Сонымен қатар, қар жамылғысы мен көктайғақ пайда болған қауіпті жол учаскелерінде, еңістерде, өрлерде және жолайрықтарда қарқынды патрульдеу жұмыстарын жүргізу үшін 47 жедел топ қызмет етеді.

"Жолдарда көктайғақ, қар жамылғысы, сондай-ақ жаяжүргіншілер жолында мұз пайда болуына байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Жүргізушілерге жылдамдықты азайтуға, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және күрт маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз", - деп ескертеді әкімдік.

Сонымен қатар, тротуарларда жаяу жүргіншілерге де сақтық таныту қажет: көпқабатты ғимараттардан алыс жүруге кеңес беріледі, өйткені шатырдан қар мен мұздың түсу қаупі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама