Алматыда екі тұрғын вейптерді заңсыз сатқаны үшін сотталды

видео кадры

Қаржылық мониторинг агенттігі электрон темекіні ірі мөлшерде сатқандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі электрон темекіні ірі мөлшерде сатқандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, Алматы тұрғындары бірнеше ай бойы заңсыз кәсіпкерлік қызметті, яғни вейптерді көтерме сатуды заңсыз жүзеге асырған.

"Бұған дейін Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 55 мыңнан астам электрондық темекі табылған және тәркіленген сауда және қойма үй-жайлары анықталған болатын.

Сот үкімі бойынша, Алматының екі тұрғыны кінәлі деп танылды, олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне - 1 жыл мерзімімен бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама