24 маусым 2021 | 15:30

Алматыда екінші адамнан үнді штамы анықталды

Алматыда тағы бір адамнан коронавирустың үнді штамы анықталды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн-брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тағы бір адамнан коронавирустың үнді штамы анықталды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн-брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір бізде екі адам бар ("Үнді штамын" жұқтырған. - автор). Меніңше, бұл 1983 жылғы әйел мен 2013 жылғы бала. Олар жұқпалы аурулар ауруханасында. 

Басқа ауырғандар туралы ақпарат жоқ. Әзірге осы екеуі ауырып жатыр", - деді ол.

Бұрған дейін үнді штамы үй шаруасындағы әйелден анықталғаны хабарланған.

Реклама
Реклама

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, әйел 21 маусымда тест тапсырған. Қазір науқас жұқпалы аурулар палатасында, ал жеті жасар қызы бөлек палатада. Байланыста болған жеті адам оқшауланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная