Алматыда экология жағдайына мониторинг жүргізетін онлайн-карта жасалды

© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда экологияның жағдайына мониторинг жүргізетін онлайн-карта жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда экологияның жағдайына мониторинг жүргізетін онлайн-карта жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Экологиялық көрсеткіштердің онлайн-картасы мегополис тұрғындарына қоршаған ортаның жағдайы, атмосфералық ауаның сапасы туралы кең мағлұмат береді.

"Жоба - Алматы экологиялық жағдайы жөніндегі барлық мәліметтерді біріктіретін динамикалық платформа. Мониторинг стансалары әрбір 20 минут сайын онлайн режимде ауаның жағдайы жөнінде ақпараттық жүйені іске қосып отырады. Мұндағы көрсеткіштер графиктер және сандық деректер түрінде беріледі. ПДК индикаторларының динамикасы да көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Станциялар атмосферадағы ластаушы заттардың көлемін, сондай-ақ ылғалдылық, температура, қысым, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді. Кезеңнің орташа мәндері және орташа күндік көрсеткіштері есептеледі.

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған жобаның мақсаты - қарапайым азаматтарға, сарапшылар мен мамандарға онлайн форматта мәліметтер беру. Сонымен қатар, жинақталған көрсеткіштер бойынша ауа сапасының және басқа параметрлердің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады", - деді ведомстводағылар.

Еске салсақ, қалада ауа сапасына мониторинг жүргізетін 10 станция бар. LED-экрандарға ақпараттарды шығару және мәліметтер базасына көрсеткіштерді беру үшін онлайн мониторингтің тағы 10 датчигі іске қосылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама