04 тамыз 2022 | 13:09

Алматыда электрсамокаттар үшін жылдамдыққа шектеу енгізілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада электрсамокаттарды пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада электрсамокаттарды пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бостандық ауданының тұрғындары әкіммен кездесу кезінде жаяу жүргіншілер жолында самокатпен қатты жүретіндерге шағымданды.

"Қалада самокаттарға қатысты шешім қабылданды, азды-көпті тәртіпке келтіруге кірістік. Бірақ заңның қабылдануын күтіп отырмыз, заңға өзгерістер мен толықтырулар биыл күзде қабылданады. Қала деңгейінде мердігерлермен меморандумға қол қойдық, олар қазірдің өзінде саябақ аумақтарынан шықты. Қазір осы үш ірі операторға арнайы автотұрақтарды қарастырып  жатырмыз. Бұл самокат мінетіндерге шектеулер. Тәртіпбұзушылар – осы ережелерді сақтамайтын қаланың жас тұрғындары. Меморандум аясында тамыздың аяғына дейін тәртіп әлдеқайда жақсарады деп сенеміз. Бірақ заң керек. Заң шыққанша бұл мәселені қаламыздың ішкі шешімдерімен қарастырамыз", - деді Досаев.

Реклама
Реклама

Қалалық мобилділік басқармасы басшысы Ғани Мырзахановтың айтуынша, Алматыда ортақ серіктестіктердің электрсамокаттарына қазірдің өзінде шектеу қойылған.

"Жылдамдық бойынша - сағатына 25 шақырым. Бұл сомакат тебуді енді үйреніп жүргендерге. Ал самокат тебуді үйренбегендерге сағатына шамамен 20 шақырым болады", - деді Мырзаханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная