Алматыда электрсамокаттарды уақытша тоқтату ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы Мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов электрсамокаттарға қатысты мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов электрсамокаттарға қатысты мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Бейбіт Құсайыновтың сөзінше, Алматы қаласы мәслихатында өткен кеңейтілген отырыста электрсамокаттар, мопедтер және электробайктарға қатысты маңызды мәселе талқыланған.

"Бүгінде олардың қозғалысы нақты ережелермен реттелмеген: жылдамдық шектелмейді, тұрақ орындары жүйесіз, ал пайдаланушылардың көбі жол қозғалысы ережелерін білмейді. Самокаттарды тротуарларда, жол бойында қалай болса солай тастап кетеді, бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Бейбіт Құсайынов өзі қаланы жаяу аралағанды ұнататынын, бірақ жүйткіп өткен самокаттар қауіпті екенін жеткізді.

Депутат арнайы тұрақтар орнатылмайынша, қауіпсіз веложолақтар жасалмайынша, жалға беру және жүргізу ережелері қабылданбайынша Алматы қаласында электрсамокаттарды уақытша тоқтатуды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама