13 мамыр 2021 | 11:16

Алматыда элиталы тұрғын үй салу үшін саябақ сүрілді - БАҚ

Фото: 24.kz

Алматыда "Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" маңындағы қаланың жоғарғы бөлігінде орналасқан орман-саябақ жойылуына байланысты тағы бір жанжал шықты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. Телеарна мәліметі бойынша, онда тұрғын үй кешені салынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" маңындағы қаланың жоғарғы бөлігінде орналасқан орман-саябақ жойылуына байланысты тағы бір жанжал шықты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. Телеарна мәліметі бойынша, онда тұрғын үй кешені салынады.

2019 жылдың соңында учаске иесі жергілікті компаниялардың бірі болған. Сол кезеңде қала құрылысын бақылау басқармасы ЖШС иелеріне пайдаланылмайтын учаске мемлекетке қайтарылуы мүмкін екенін ескерткен.

"Қазіргі уақытта көп учаске сатып алынады да, жылдар бойы қолданылмай тұрады. Арнайы бап бар – жердің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуы. Жер инспекциясы оны анықтаса, учаскені мемлекет қорына қайтарып алу туралы мәселені көтеруі мүмкін", - дейді ECO Fund Tabigat қорының төрағасы Тимур Елеусізов.

Реклама
Реклама

 Кейін аумақта ағаштар кесіліп, жерді пайдалану нысаны өзгерген.

"Сараптама, ағаштарды кесуге рұқсат және басқа да құжаттар болуы керек. Біріншіден, Жасыл экономика басқармасынан осы учаскеде бұзуға рұқсат бар жоғын анықтадым. 6 жыл ішінде бұл мекенжай бойынша ешқандай рұқсат құжаттары берілмеген", - дейді Тимур Елеусізов.

2020 жылғы қарашада Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы учаске иесімен эскиздік жобаны келіскен. Бұрынғы орман-саябақ орнына үш қабатты элиталық тұрғын үй кешені салынады деп жоспарланған.

"Қазіргі уақытта жер учаскесі заңды тұлғаның жеке меншік құқығында. Басқарма рұқсат құжаттарын берді. Мақсаты - 12 метрден аспайтын көппәтерлі тұрғын үй салуға", - дейді Алматы қаласы Медеу ауданының сәулетшісі Алмас Маниягов.

Заң тұрғысынан ешкім ешқандай заң бұзбаған, дейді тілші. Құрылыс компаниясы өз нысанын салу үшін барлық қажетті құжатқа ие. Екінші жағынан, мемлекеттік органдар құрылысқа рұқсат бере отырып, ағаштарды кесуге көз жұмған, дейді телеарна.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная