09 сәуір 2021 | 13:04

Алматыда эпиджағдай нашар - санитария дәрігері

Фото: ©РИА Новости

Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде 9 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде 9 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады, деп хабарлады департамент.

"Эпидемия басталғаннан бері 9 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтарған 39 655 жағдайы тіркелді, 2021 жылдың наурызында 9 525 жағдай, соңғы тәулікте 717 адам тіркелді. Тәуліктік өсім 1,8. Соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш, алдыңғы 7 күндегі 215,2-ге қарағанда R = 1,132", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Алматыда коронавирус жұқтырғандар санының көбеюі ең алдымен COVID-19 мутацияланған штамдарының таралуына байланысты.

"Қазіргі уақытта Алматыда індеттің үшінші толқыны жүріп жатыр. Эпидемияның алғашқы толқыны кезінде аурудың шыңы 2020 жылдың шілдесінде - 6 372 жағдай болды. 2020 жылдың қазанында басталған екінші толқынның шыңы 2021 жылдың қаңтарында тіркелді - 3 607 жағдай. Үшінші толқын наурыз айында басталды, коронавирус инфекцияның мутацияланған штамдарына байланысты, 1 наурыздан бастап 14 582 жағдай тіркелген".

Бір жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегінің көбейгені байқалады. Бірақ бұл ретте жасөспірімдер арасындағы жағдайлар саны төмендеген.

Өткен тәулікте (8 сәуірдегі деректер бойынша) Қазақстанда коронавирус инфекцияның 2 440 жаңа жағдайы тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная