ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 сәуір 2025 10:04
Алматыда ер адам биіктен құлап, қайтыс болды
Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz оқырманы оқиғаның куәгері болған, ол редакцияға хабарласып, алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 11-қабаттан құлағанын айтты.
Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша мән-жай анықталып жатқанын жеткізді.
"Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс тіркеді. 26 жастағы азаматтың өліміне не себеп болғаны, оқиғаның мән-жайы мен мотивтері анықталып жатыр", – деп мәлім етті полицияның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін, 8 сәуірде Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен қыз құлап, мерт болғаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу