12 сәуір 2024 17:25

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан

Видеодан алынған кадр

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адам бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адам бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ер адам әйелдің телефонын сындырып, содан кейін оны аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видео тарады.

Жазба авторы жәбірленуші әйелдің есімі Салтанат екенін жазған. Әйел 11 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдап, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда автордың айтуынша, қазір бұрынғы күйеуі келіп, оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысып жатыр.

Реклама
Реклама

"Дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Жиналған материалдар жауапқа тарту үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады Алматы полициясы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда белгісіз ер адам орындықта отырған әйелге шабуыл жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram