Алматыда ер адам сайт арқылы танысқан қызбен кездесуде тосын жайтқа тап болған

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда жалған таныстық арқылы жасалған тонау әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда жалған таныстық арқылы жасалған тонау әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Танысу сайттарының бірінде қызбен танысқан ер адам қылмыстың құрбаны болған. Қысқа әңгімеден кейін олар жалдамалы пәтерде кездесуге келіседі. Алайда кездесудің ортасында пәтерге қыздың "ағаларымыз" деген үш ер адам кіріп келіп, оның кәмелетке толмағанын айтып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Сондай-ақ, олар оның телефоны мен басқа да заттарын тартып алған.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

"Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде барынша сақ болуға, күмәнді орындарда кездесуден бас тартуға және тек хат-хабар арқылы ғана таныс адамдарға сенбеуге шақырамыз", – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама