Алматыда ер адам тұрғындарды өрттен құтқарып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Әлеуметтік желіде ер адам балкондағы өртті сөндіру үшін қорықпай жоғарыға көтерілген видео тарады. Ол төртінші қабатқа дейін көтерілген. Бұл оқиғаға Алматы ТЖД баспасөз қызметі өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео TikTok желісінде жарияланды. Ер адам түтінді байқап, бірден әрекет еткенін көруге болады. Өте тез, кәсіби спортшы секілді.

Ол өрт қайдан шыққанын тапқан. Осылайша жанып жатқан затты төменге лақтырып жіберген.

Реклама
Реклама

Бұл оқиғаға қатысты Алматы ТЖД өкілі пікір білдірді.

4 маусымда сағат 17:07-де Наурызбай ауданында Жүнісов көшесі, 2/23 үй ("Алма Сити") мекенжайы бойынша он қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконында қоқыс өртенген. Өрттің ауданы шамамен бір шаршы метрге жеткен.

ТЖД мәліметінше, өртсөндірушілер келгенге дейін сол маңнан өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өртті сөндірген.

Ер адам 33 жаста екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама