ПОДЕЛИТЬСЯ
12 шілде 2023 | 09:24
Алматыда Есентай өзеніндегі көпір сегіз жолақты болады
Алматыдағы Есентай өзеніндегі көпір сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы Есентай өзеніндегі көпір сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді зерттеу көпірдің апатты жағдайда екенін анықтаған.
Көпірде кептеліс болмауы үшін жолақтар саны алтыдан сегізге дейін - екі бағытта төртке дейін артады. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жаңа жеке көпір құрылымдарын салу арқылы көпір кеңейтіледі. Реконструкцияға дейін жаяу жүргіншілер көпір бойымен жүрді, бұл Әл-Фараби даңғылындағы қозғалыс жылдамдығы 80 км/сағ екенін ескере отырып, қауіпті болды, делінген хабарламада.
"Көпір құрылысын реконструкциялау үш кезеңде жүзеге асырылады: қазір тегістеу жұмыстары жүргізілуде, содан кейін гидроизоляцияланады, содан кейін асфальт жабыны төселеді. Көпірде барлығы 96 діңгек бар. Бүгінде оның 27-сі ауыстырылды", - деді Сағындық Телібаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также