28 қазан 2019 | 11:15

Алматыда есірткі дайындайтын жасырын зертхана әшкереленді

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасы іс-әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде оның жұмыс істеуін ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасы іс-әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде оның жұмыс істеуін ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Зертхана жайында 2 келіге жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Реклама
Реклама

Дайын психотропты заттарды сату Telegram және VIPole мессенджерлеріндегі интернет-дүкендері арқылы жүзеге асырылған.

Ұсталған "А" есімді азаматтың тұрғылықты жері бойынша сондай-ақ есірткі сататын ірі интернет-дүкендерінің бірі "Алтын Орда" логотипі бар визит картасы мен оттық шақпақ алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Іс-шаралар ұлттық қауіпсіздік органдары өткізіп жатқан арнайы операциясының заңдылығына қатаң қадағалау жасаған Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүзеге асырылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная