21 қыркүйек 2023 | 15:22

Алматыда есірткі жарнамалаған ер адам ұсталды

Фото:polisia.kz

Алматы полициясы есірткі жарнамалаушыны құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы есірткі жарнамалаушыны құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел түрде алынған мәліметтерге сәйкес, Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесі қиылысында жарнамалар іліп, есірткі заттарын заңсыз жарнамалап, насихаттап жүрген.

Реклама
Реклама

"Біздің бөлімше қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен "Қарасора – 2023" іс-шарасы аясында 44 жастағы Ж. есімді ер адамды ұстады. Одан есірткі дүкенінің сілтемесі мен жазуы бар 30 брошюра табылды. Күдіктінің тұрғылықты жерінен 205 дана осындай жапсырмалар тәркіленді. Әрбір хабарландыру үшін "жарнама ілуші" ақшалай сыйақы немесе синтетикалық есірткінің белгілі бір мөлшерін алатыны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Қаскөйдің әрекеті ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-бөлігі бойынша сараланады. Бұл баптың санкциясында 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная