19 желтоқсан 2023 09:45

Алматыда фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған - прокуратура

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

"Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram