ПОДЕЛИТЬСЯ
21 маусым 2024 | 11:09
Алматыда фонтан маңындағы адам өлімі: министр мән-жайды айтып берді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы фонтанда жігіт қаза болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы фонтанда жігіт қаза болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында министр бүгін жасөспірімнің өлімінің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама қорытындысы шығарылуы тиіс екенін айтты.
"Түстен кейін сағат 16:00-де ауа райы өте ыстық болды. Тыйым салынған белгіге қарамастан, ол фонтанға түскен. Оның үстіне, ол - екі деңгейлі субұрқақ. Ол сыртқы шеңбер емес, негізгі тостағанға шыққан. Таңертең, ақпаратты қарауға уақытым болмады. Алдын ала екі себеп болды: жүрек тоқтауы немесе электр тогының соғуы. Бірақ сот-медициналық сараптама өлімнің нақты себебін анықтауы керек еді", - деді министр журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Сонымен қатар, министр жасөспірім ҰБТ-ны нашар тапсырған соң субұрқаққа түскен деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Жо-жоқ. Ол ҰБТ тапсырған жоқ, себебі 18 маусымда Алматыда электр қуатының үзілуіне байланысты 19 маусымда өтуі топты 23 маусымға ауыстыруға тура келді. Сондықтан ол ҰБТ тапсырған жоқ", - деп түсіндірді министр.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Алматы Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также