Алматыда газ жарылды: көлік аударылып, адамдар зардап шеккен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: QazaqGaz Aimaq

Алматыда газ жарылды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда газ жарылды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Бұқар жырау бульвары бойында болған. Жарылыс салдарынан автокөлік аударылып, жол жабыны зақымдалған. Аумақ қоршауға алынған. Автокөлік жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

"QazaqGaz Aimaq" АҚ мәліметінше, 16 шілдеде орташа қысымды жаңадан салынған жерасты газ құбырын сығымдау жұмыстары кезінде, мердігер ұйым "СантехКомплектГрупп" ЖШС жүргізіп жатқан жұмыстар барысында ауа қоспасы шығып кеткен. Оқиға салдарынан жол жабыны, бір ағаш және бір автокөлік зақымданған.

"Оқиға орнына қаланың барлық тиісті апаттық қызметі жедел түрде келді. Қазіргі уақытта учаскеге тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға орны қоршауға алынған, халыққа қауіп жоқ. Қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама