Алматыда газ жарылды: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: QazaqGaz Aimaq

Дәрігерлер Алматыда газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлер Алматыда газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі пациент жеткізілген.

"Барлық қажетті тексеру жүргізілгеннен кейін оларға жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. Пациенттердің жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Қаралғаннан кейін олар амбулаториялық ем алуға жіберілді", – деп хабарлады ведомство.

Реклама
Реклама

Еске салайық, оқиға 16 шілдеде Бұқар жырау бульвары бойында болған. Орта қысымды жаңадан салынған жерасты газ құбырын қысыммен сынау жұмыстары кезінде газ шығуы тіркелген. Төтенше жағдай салдарынан автокөлік аударылып, жол жабыны зақымданған. Жүргізуші мен жолаушы зардап шекті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама