01 қараша 2021 | 09:16

Алматыда газ қымбаттауы ЖЭО-2-ні жаңартуға әсер ете ме?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Экономистер әлемдік нарықта газ бағасының өсуі Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру жобасына қалай әсер ететінін және осыған байланысты коммуналдық қызмет тарифтері қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экономистер әлемдік нарықта газ бағасының өсуі Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру жобасына қалай әсер ететінін және осыған байланысты коммуналдық қызмет тарифтері қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуропада газ бағасы жаздан бері төрт есе қымбаттады. Қарашаның басында голландиялық TTF хабында жанармай құны алғаш рет мың текше метр үшін 1600 доллардан асты. Бұл ретте Алматыдағы ЖЭО-2-ні экологиялық таза отынға көшіру жобасы коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне әкеліп соғуы мүмкін деген сынға ұшыраған болатын. Мамандар газ бағасының қымбаттауы алматылық тарифке әсер ете ме, жоқ па деген сұраққа пікір білдірді.

KEGOS АҚ бұрынғы басшысы, экономист-энергетик Әсет Наурызбаев әлемдік нарықта газдың қымбаттауы Қазақстан тұтынушылары үшін жанармай бағасына әсер етпейді деп есептейді, өйткені елдегі тұтынушыларға арналған тарифтерді монополияға қарсы комитет реттейді. Заңға сәйкес, газ өндірушілер бірінші кезекте ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін газды жеткізіп, қалған көлемін ғана экспортқа сатуы керек.

Реклама
Реклама

"Әрине, ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасының мүмкіндік құны артып келеді деуге болады. Станция газбен жұмыс істемейтін болса, газды шетелге қымбаттатып, одан да көп бере аламыз, бірақ бұл үшін біраз қаражат қажет. Өкінішке қарай, бұл сектор елде көп жыл бойы дамымаған, сондықтан өндірушілер бағаның өсуінен ақша тапқысы келсе де, газдан басқа ештеңе ұсынуға болмайды".

Наурызбаев азаматтар жаһандық бағаның шарықтауынан емес, ЖЭО-2-ні жаңғыртуды кейінге қалдырудан қорқу керек деп санайды. Сарапшы "Самұрық-Энерго" жобаның үшінші техникалық-экономикалық негіздемесіне тапсырыс беріп қойғанын еске салды, бірақ олар құжаттаманы әлдеқашан дайындап, станцияны жаңғыртуды бастау үшін тендер өткізуі керек еді.

Энергетик ЖЭО қажеттіліктері үшін қазақстандық газ "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газқұбыры арқылы жеткізілетінін, "ҚазТрансГаз" АҚ мәліметінше, былтырғы ең жоғары қуаттылығы - 15 миллиард текше метр газға жеткенін айтты. Алматыдағы ЖЭО-2 қажеттілігіне небәрі 1,3 миллиард текше метр, яғни 10 пайызға жуық қажет. Экономист газ құбырының жұмысында іркіліс болған жағдайда Түрікменстаннан Қытайға өтетін магистральдық газ құбыры арқылы жеткізілетін отынды да пайдалануға болатынын айтты.

"Бейнеу-Бозой-Шымкент". Фото:kaztransgas.kz

"Қазіргі уақытта, әрине, сыртқы нарықтағы баға жоғары, бірақ ол үшін ЖЭО-2-ні газға көшіру сияқты жобада ешкім басқа тұжырымдама әзірлемейді. Газ бағасы бүгін жоғары, ертең арзанырақ болады. Бірақ бұл жобаға әсер етуі екіталай", - деп қосты экономист.

Маманның айтуынша, Алматыда және жалпы республика бойынша коммуналдық қызметтер тарифі бұрынғысынша көтеріледі, бірақ бұл өсім газдың сауда позицияларына байланысты емес. Маман елдің энергетика саласын дамыту үшін баға көтерілуі керек деп есептейді. Наурызбаевтың айтуынша, тарифтердің көтерілуі күн электр станциялары мен басқа да баламалы энергия түрлерін мемлекеттік субсидиясыз нарықтық жолмен дамытуға мүмкіндік берер еді. Мұндайды тек құптауға болады.

Фото ©РИА Новости

Экономист Алмас Чукин басқа пікір білдірді. Оның пайымдауынша, ЖЭО-2-ні газға көшіру идеясы әу бастан сәтсіз болды, ал жанармай бағасы өскеннен кейін жоба одан да нашар көрінді. Экономистің айтуынша, Қазақстанда еркін сатылатын газ (шамамен өңделген шикізат) жоқ. Жер қойнауында шикі газдың қоры бар, бірақ оны әлі де өндіріп, өңдеу керек. Алматы ЖЭО-2-ні газбен қамтамасыз ету үшін сарапшының айтуынша, еліміздің батысындағы жаңа кен орындарын игеру, сонымен қатар таза метан алатын газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу қажет.

"Бізге газ өңдеу зауыты керек, бірақ оны салу қымбатқа түседі және оны бөлек кен орнына салу мағынасыз. Әдетте мұндай зауыттар өте үлкен кен орындарында салынады. Яғни Атырау мен Ақтау арасына осындай зауыт салу керек, "ҚазТрансГаз" дәл қазір мұны жасап жатыр. Оған қоса магистральдық газ құбырын тарту керек. Қазір Алматыға ондай желі жоқ. Бұл жоғары бағадан бөлек, мемлекеттік компаниялар арқылы мемлекетке түсетін жұмыс пен инвестицияның үлкен көлемі", - деді экономист.

Сарапшы тауарлық газ Қазақстанға Түрікменстаннан Қытайға өтетін газ құбыры арқылы да жеткізілетінін айтты. 12 жыл бұрын газ құбырын салу кезінде тараптар арасында қол қойылған келісімге сәйкес, Қазақстан жеткізушілерден квота бойынша транзит үшін 15 миллиард текше метр газ алады. Оның 10 миллиарды Қытайға экспортталса, қалғаны Алматы облысы мен өзге өңірлерді газдандыруға бағытталған.

Еске салайық, 2021 жылдың наурызында Тоқаев Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға көшіруді тездетуді талап еткен болатын. Сәуірде Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру жобасы сараптамадан өтпеді. Сонымен қатар, оның құны 30 миллиард теңгеге дейін өсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная