ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2023 | 14:08
Алматыда хирургтар 62 жастағы әйелдің өтінен 1730 тас алды
Алматыда хирургтар 62 жастағы әйелдің өтінен 1730 тас алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда хирургтар 62 жастағы әйелдің өтінен 1730 тас алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына 62 жастағы әйел оң жақ қабырға астының ауруы, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғауы секілді шағымдарымен шұғыл түскен.
Дәрігерлер тексергеннен кейін науқасқа "Жедел тас холециститі" деген диагноз қойған. Келесі күні оған ота жасалған.
Ота барысында өттен диаметрі бірнеше миллиметрден 1,5 сантиметрге дейінгі 1735 тас шығарылған.
"Бұл ота менің рекордымды жаңартты. Бұл жолы тек өттен 1730-дан астам тас табылды. Денсаулықты сақтау және өт-тас ауруымен байланысты асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық және скринингтік тексерулерден өтуді ұсынамын", - деді хирургия бөлімінің меңгерушісі профессор Мұса Сахипов.
Мамандардың айтуынша, тастардың сары түсті болуы холестериннің жоғары болуына байланысты.
Ота сәтті өткен. Науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также