Алматыда ХҚКО алдында мигранттар ұзын-сонар кезекте тұр

Видеодан алынған кадр

Алматыда көші-қон орталығы алдындағы кезек видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда көші-қон орталығы алдындағы кезек видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды.

"Алматыдағы көші-қон орталығы. Адамдар еңбек министрлігінің жаңа бағдарламасы үшін екінші күн құжаттарын тапсыра алмай жүр. Еңбек министрлігінің кесірінен адамдарда құжат мерзімі өтіп, айыппұл салынып жатыр", - делінген видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

"ҚР көші-қон ХҚКО-ларында Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алуға немесе рұқсатын ұзартуға ниет білдірген еңбекші иммигранттардың маусымдық толқыны байқалады. Бұл қызметті бұрын ІІМ көрсеткен, бірақ 2021 жылдың 16 мамырынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілген. Осы себепті, кейбір жағдайларда клиенттердің төлқұжат деректерін түзету қажет.

Біз көші-қон ХҚКО-ларында қызмет көрсету процесін жеделдету үшін бар күшімізді саламыз. Құжаттарды қабылдайтын қызметкерлер саны ұлғайды. Клиенттерден осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ еңбек мигранттарын тіркеу ережелерін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная