ПОДЕЛИТЬСЯ
15 маусым 2021 | 14:16
Алматыда Хрущев пен Сталин кезінде салынған үйлер әлі қанша жыл тұрады?
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Алматыдағы "Хрущев" пен "Сталин" үйлерінің тағдыры туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Алматыдағы "Хрущев" пен "Сталин" үйлерінің тағдыры туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ахмеджановтың айтуынша, бұған дейін қалада сейсмикалық төзімділік тұрғысынан ғимараттарды төлқұжаттау жұмыстары жүргізілген.
"Сериялық ғимараттар бар: 1-КЗ-464 ДС, бұл панельді үйлер. Біз 2017-2018 жылдары ғимараттарды сейсмикалық төзімділігі тұрғысынан төлқұжаттау бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Біз "хрущевка" деп атайтын осы панельдік үйлердің бәрі сейсмикалық төзімді болып шықты", - деді Ахмеджанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
"308 және 4 сериялы үйлерге келер болсақ (Сталин заманында салынған ғимараттар - автор), олар стандарттарға сәйкес сейсмикалық емес болып саналады. Біз қолданыстағы нормативтерге, нормаларға келтіру тұрғысынан оларды жаңғыртуға, реконструкциялауды күшейтуге рұқсат бердік. Иә, олар күрделі жөндеуді қажет етеді", - деді Алмасхан Ахмеджанов.
Ол бұл ғимараттар тағы қанша жыл тұрады деген сұраққа да жауап берді.
"Күрделі-техникалық жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілсе, кез келген ғимарат 100 жылға дейін қызмет ете алады. Біз мұндай жөндеуді жүргізбесек, олар бір жылдан кейін де ескіруі мүмкін. Немесе рұқсатсыз үйді өзгерту де сейсмикалық төзімділікке әсер етеді. Біз бұған өте қатты қараймыз. Сондықтан төлқұжаттауды жүргіздік. Бізде "хрущевкалар" жоқ, олар Мәскеуде. Бізде панельді, ірі панельді үйлер бар", - деді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также