ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 маусым 2026 15:01
Алматыда интим қызмет көрсеткен салон анықталды
Алматының Бостандық ауданында полицейлер "боди-массаж" атын жамылып жұмыс істеген жасырын салонның қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауықтыру қызметінің атын жамылып, интим қызметтер көрсетілген мекемені учаскелік инспекторлар қаланың элиталық ауданындағы жеке үйлердің бірінен анықтады.
Тексеру барысында жеті әйел ұсталды. Олар полицияға жеткізіліп, жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір тексеру іс-шаралары қолға алынды. Мекеме әкімшілігіне қатысты тиіс шаралар қабылданды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу