ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2022 | 13:13
Алматыда интим ұсынған тағы бір жезөкшелер үйі анықталды
Алматыда интимдік қызмет көрсеткен тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда интимдік қызмет көрсеткен тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан боди-массаж салонын анықтады. Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырған.
"Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің "қызметкерлері" Қазақстанның басқа аймақтарынан келгендер. Олардың жеке басы, басқа қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Медеу аудандық полиция басқармасымен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдары жинақталды. Көрсетілген салонның иесі де анықталды - ол 34 жастағы Ж.есімді азамат. Ол да жауапқа тартылды", - деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также