29 қаңтар 2022 | 18:09

Алматыда итін қуып ұрған ер адам көпшіліктен кешірім сұрады

Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде қожайынынан жасырынуға тырысып, қашып жүрген иттің видеосы жарияланды. Алматы полициясы тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде қожайынынан жасырынуға тырысып, қашып жүрген иттің видеосы жарияланды. Алматы полициясы тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер ер адамның итіне деген қарым-қатынасына ашуланып Желіге видеосын жариялаған.

Реклама
Реклама

Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов жағдайға қатысты түсінік берді.

"Үй жануарының иесі анықталды. Ол Бостандық ауданының 1991 жылғы тұрғыны болып шықты. Ведомство өкілдері ер адаммен үй жануарларына дөрекі қарауға болмайтыны туралы профилактикалық әңгіме жүргізді", - деді Рустам Әбдірахманов.

Ал ит иесі көпшілік алдында кешірім сұрады.

"Міне, итім тірі, аман-сау. Ол мені тістеп алды. Иә, мұндай оқиға болды. Кешіріңіздер. Бәрі жақсы болады, енді қайталамаймын. Мазақ етпедім, бұл өзімнің итім ғой", - дейді ол полицей жариялаған видеода.

Бұған дейін БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жануарларға қатыгездік көрсетілгені түсірілген кадрларды жариялауға тыйым салынатыны хабарланған болатын. Норма Қазақстанда Сенатында қабылданған "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы заңда жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная