01 қыркүйек 2022 | 15:35

Алматыда жалған нөмір таққан "Гелендваген" жүргізушісі жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда стробоскопты пайдаланған Gelandewagen жүргізушісі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда стробоскопты пайдаланған Gelandewagen жүргізушісі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережелерінің бірден бірнеше талабын бұзған ҚР әкімшілік заңнамасын өрескел бұзу дерегі анықталды.

"23 жастағы И. есімді азамат анықталып, ұсталды. Ол құқық бұзу дерегін бірден мойындап, видеоға түсіру қажеттігін түсіндірді. Бұл уәж құқықбұзушының әрекетін ақтамайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шара қолданылды: алты әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Реклама
Реклама

Мына құқық бұзу деректері бойынша әкімшілік іс қозғалды:

  • ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі - "Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу";  
  • ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі - "Жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалануы";
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі - "Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ ақаулар немесе көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын жағдайлар болған кезде көлік құралдарын жүргізу";
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3 бөлігі - "Көлік құралына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату";
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі - "Жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгі) бар көлік құралын басқару, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін немесе оларды белгілеуге мүмкіндік беретін құрылғылармен және материалдармен жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын жүргізу";
  • ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 3-бөлігі - "Жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарының арнайы түсті схемаларын көлік құралының сыртқы беттеріне заңсыз қолдану".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная