1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары
Реклама
Реклама

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

Түрксіб ауданында қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде тұрғындардың өтінішіне байланысты 12 маусымнан бастап "Жас қанат" шағынауданын Райымбек даңғылымен байланыстыратын №9 жаңа бағыт іске қосылатыны хабарланды.

Реклама
Реклама

"Бағыт бойынша "Райымбек батыр" метро бекеті аялдамасынан Назарбаев даңғылы бойымен, одан әрі Райымбек даңғылы - Сүйінбай, Хмельницкий көшесімен "Жас қанат" шағынауданына дейін жүреді. Содан кейін бұрылып, кері бағытқа шығады. №8 автобустар 8 минут аралығында жүріп отырады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы "Қайрат" шағынауданында жаңа автобус бағыты іске қосылатыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!