Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылып, тоғызы жаңартылады

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматының Медеу ауданында жаңа автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Медеу ауданында жаңа автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев он бағытты жаңарту үшін 101 автобус алынғанын айтты. Бүгінде оның төртеуі жаңартылған: №69 – 18 автобус, №201 – 24 автобус, №12 – 16 автобус, №71 – 10 автобус. Жыл аяғына дейін танымал тағы бес бағытты жаңарту жоспарланған. Бұл - №5, №5а, №5б, №5в – 8 автобус және №205 – 25 автобус.

Сондай-ақ, келесі жылы Қалдаяқова көшесінен Наурызбай ауданының жоғарғы бөлігіндегі "Геолог" с/т-ға дейін жаңа бағыт іске қосылады.

Реклама
Реклама

2023 жылы Медеу ауданы аумағында алты жаңа аялдама кешені салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама